Букмекерлік кеңселер - құмар ойындар арасында бірінші орында
Букмекерлік кеңселер - құмар ойындар арасында бірінші орында
Соңғы бірнеше онжылдықта әлеуметтік желілер халықтың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда, инновациялық өнертабыс тек артықшылықтарға ғана емес, сонымен бірге қауіптерге де ие.
Лудомания - әлеуметтік желілерге тәуелділік және YouTube видеохостингі мәселелерін талқылау барысында сарапшылар осындай байламға келді.
Кездесу Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Жастар мен балалар арасында Интернетке және YouTube-ке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасы аясында өтті.
«Бүгінгі отырысымыз қоғам үшін маңызды. Оның өзектілігі, біріншіден, интернетті пайдаланушылар мен «ойыншылардың» санының өсуімен анықталады, екіншіден, бұл хобби жеке адамға және тұтастай қоғамға зиянды әсер етеді, үшіншіден, ойынға тәуелділік мәселесі әлі көптеген зерттеуді талап етеді. Бұл тақырып бойынша толық және объективті ақпарат жоқ», - деп атап өтті Жастар қанаты төрағасының орынбасары Айсұлу Ерниязова.
Сондай-ақ отырыста «AMANAT» партиясы қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Ахметжанов Серік, психолог Тұрғазы Аида және филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия ұлттық университетінің доценті Оңайгүл Тұржан бұл мәселеге қатысты өз пікірлерімен бөлісті.