Димаштың канадалық жанкүйерлері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Димаштың канадалық жанкүйерлері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Димаштың канадалық жанкүйерлері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды
ашық дереккөзі
Димаш Құдайбергеннің канадалық жанкүйерлері балаларға психологиялық көмек көрсететін Kids Help Phone қайырымдылық ұйымына қаражат жинап берді деп хабарлады turkystan.kz. Олар қайырымдылық шарасын әншінің туған күні қарсаңында қолға алған. Осылайша, 1 000 доллар (шамамен 440 130 теңге) жинады.
«Қазіргі уақытта жастар COVID-19 пандемиясының салдарымен күресіп жатыр және біздің сенім телефонымызға жиі жүгінеді. 2019 жылмен салыстырғанда қоңыраулар саны 137 пайызға артты. Сондықтан, біз Dears-тің бұл көмегі үшін өте ризамыз. Біз Канададағы бірде-бір бала қиын уақытта жалғыз қалмайтынына кепілдік береміз. Сіздің көмегіңіз балалардың өмірін сақтайды!» - деп алғыс білдірді Kids Help Phone командасы қазақ әншісінің жанкүйерлеріне.
Kids Help Phone – Канададағы жалғыз қайырымдылық ұйымы. Ол ел жастарына құпия психологиялық көмек көрсетеді. Ұйым ағылшын және француз тілдерінде, аптасына жеті күн, тәулік бойы жұмыс істейді. Өткен жылы ұйым Канаданың түкпір-түкпіріндегі    5 млн.-нан астам балаға кеңес берген.