Жаңалықтар

Димаштың канадалық жанкүйерлері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Димаштың канадалық жанкүйерлері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Димаш Құдайбергеннің канадалық жанкүйерлері балаларға психологиялық көмек көрсететін Kids Help Phone қайырымдылық ұйымына қаражат жинап берді деп хабарлады turkystan.kz.

Олар қайырымдылық шарасын әншінің туған күні қарсаңында қолға алған. Осылайша, 1 000 доллар (шамамен 440 130 теңге) жинады.

Kids Help Phone – Канададағы жалғыз қайырымдылық ұйымы. Ол ел жастарына құпия психологиялық көмек көрсетеді. Ұйым ағылшын және француз тілдерінде, аптасына жеті күн, тәулік бойы жұмыс істейді. Өткен жылы ұйым Канаданың түкпір-түкпіріндегі    5 млн.-нан астам балаға кеңес берген.