Шығысқазақстандықтар заңсыз сақталған 149 қаруды полицияға өткізді

Шығысқазақстандықтар заңсыз сақталған 149 қаруды полицияға өткізді

Шығысқазақстандықтар заңсыз сақталған 149 қаруды полицияға өткізді
ашық дереккөзі
2014 жылдан бері ел аумағында Үкімет қаулысына сәйкес халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу акциясы өткізіледі деп хабарлады turkystan.kz.
«Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың түрі мен санатына қарай республикалық бюджеттен төлем жасау көзделеді, төлем 10-нан 100 АЕК-ке дейін, ал ақшалай баламада 31 800-ден 318 мың теңгеге дейін құрайды. Екі айдың ішінде азаматтардан 110 өтініш түсті, 149 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 26 ойық және 123 тегіс ұңғылы қару қабылданды, 370 ойық оқ-дәрілері жиналды. Олардың алдын ала сомасы – 9 846 753 теңге», - делінген жергілікті   Полиция департаментінің хабарламасында.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/shygyskazakstandyktar-zansyz-saktalgan-149-atys-karuyn-tapsyrdy_a3943160