Елордада апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Елордада апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Елордада апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
ашық дереккөзі
11 маусымнан 5 қарашаға дейін елордада әр демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Оған 40-тан астам жергілікті кәсіпкер мен өңірлер қатысады деп хабарлады turkystan.kz. Жәрмеңкелерде көкөністердің негізгі түрлері, ет, сүт өнімдері, балық және  басқа да азық-түлік өнімдері ұсынылады. Олар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша базар бағасынан арзан сатылады. Оған Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тартылды. Жәрмеңке маусымы барысында фермерлер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің аймақтық жәрмеңкелері өтеді. Тұран даңғылы, 48 мекенжайындағы «Астана-Арена» стадионының жанындағы тұрақта өтеді. Жәрмеңке сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Еске салсақ, «Astana» ӘКК» АҚ жәрмеңкелерге қатысу үшін кәсіпкерлерден өтінімдер қабылдауды жалғастыруда.