Елорда күнінде қазақстандықтарға демалыс беріле ме?

Елорда күнінде қазақстандықтарға демалыс беріле ме?

Елорда күнінде қазақстандықтарға демалыс беріле ме?
ашық дереккөзі
Биылғы шілде айында қазақстандықтар екі мереке – Астана күні мен Құрбан айтты тойлайды деп жазды turkystan.kz. Биыл Елорда күні – 6 шілде сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл ретте демалыс күндерін кейінге қалдыру қарастырылмаған. Осылайша бес күн жұмыс істейтіндер де, алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар да бір күн – 6 шілде демалады. Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні – 9 шілде, сенбіге түседі. Бұл күн демалыс және сенбі күніне сәйкес келетіндіктен, демалыс қарастырылмаған. Шілдедегі демалас күндері: бес күн жұмыс істейтіндер үшін 20 жұмыс күні және 11 демалыс күні бар; алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 жұмыс күні және 6 демалыс күні бар.