Сатыбалдыұлы мен Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Сатыбалдыұлы мен Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Сатыбалдыұлы мен Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының шешімімен Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлын күзетпен ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды деп хабарлады turkystan.kz.
«8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», – делінген хабарламада.
Ведомство күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты да белгіленген қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 1 айға созылғанын атап өтеді. Ведомство 7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Гүлмира Сатыбалдыға да қатысты белгіленген қамау мерзімін 1 айға ұзартқан. Еске салсақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде. Қ. Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевқа квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша іс қозғап, уақытша ұстау изоляторына қамаған болатын. Сондай-ақ Гүлмира Сатыбалдының үстінен 2019 жылы «Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада» нысандары құрылыс-монтаж жұмыстарының нақты орындалмаған міндеттері үшін төленген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.