Елордада ТМД елдері экономикалық кеңесінің отырысы өтті

Елордада ТМД елдері экономикалық кеңесінің отырысы өтті

Елордада ТМД елдері экономикалық кеңесінің отырысы өтті
ашық дереккөзі
Бүгін Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен ТМД Экономикалық кеңесінің 94-отырысы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шарада көпжақты экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды. Күн тәртібіне 15 мәселе енгізілді. Отырыс барысында қатысушылар туындаған проблемаларға ден қоюдың бірлескен шараларының тізбесін мақұлдады. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі экономикалық жағдайдың мониторингі бойынша сарапшылар тобы дайындаған бұл құжат ұлттық экономикаларға сыртқы экономикалық қатерлерді нивелирлеуге, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға бағытталған.
«Бүгінгі күрделі экономикалық жағдайда сауда-өнеркәсіп палаталарының ынтымақтастығы сауда және кооперациялық байланыстардың тұрақтылығын қамтамасыз етуде, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тапшылығын болдырмау, шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша қосымша резервтер іздеуде елдеріміздің кәсіпкерлік қоғамдастығына жәрдемдесуі тиіс», - деді Бақыт Сұлтанов.
Отырыста бірқатар құжатқа қол қойылды. Оның ішінде бүгінгі қиын жағдайда, яғни экономиканың теріс әсерлеріне қарсы шараларын қабылдау туралы да бар.
«Қызметтердің саудасы туралы, халықаралық келісімді әзірлеу жұмысын талқыладық. Қазіргі күні барлық мемлекетте тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл бүгінгі қолданыстағы тауарлардың саудасы туралы келісіммен бірге біздің мемлекеттерімізге қосымша мүмкіндіктер береді. Біз басқа да логистикалық көлік мәселелерін де талқылап жатыр. Соған сәйкес тиісті құжаттар қабылданды», – деді Бақыт Сұлтанов.
Делегация басшылары Экономикалық кеңестің кезекті 95-отырысын 23 қыркүйекте Мәскеуде өткізетін болды.