«Өзгерістер мен толықтырулар елдің болашағына әсер ететін маңызды шешім» – Саясат Нұрбек

«Өзгерістер мен толықтырулар елдің болашағына әсер ететін маңызды шешім» – Саясат Нұрбек

«Өзгерістер мен толықтырулар елдің болашағына әсер ететін маңызды шешім» –  Саясат Нұрбек
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Саясат Нұрбек елімізде өткен  референдум мемлекет пен халықтың өзара қатынасының демократиялық тәсілі екенін айтты. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
 «Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау бойынша референдум қорытындысы көрсеткендей Қазақстан халқы ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды қолдады.  8 миллионға жуық сайлаушы азаматтық ұстанымын көрсетіп, 5 маусымда дауыс берді.   Референдум –  мемлекет пен халықтың өзара қатынасының демократиялық тәсілі. Жалпыхалықтық дауыс беру арқылы түзетулерді қабылдау олардың заңдылығын қамтамасыз ете отырып, азаматтармен диалогқа мүдделі мемлекеттің саясатын көрсетеді», –  дейді Саясат Нұрбек. 
Депутат берілген қысқа мерзімге қарамастан дауыс берудің ұйымдастырылуы мен өткізілуі сәтті өткенін жеткізді. Сондай-ақ кез келген енгізілетін өзгеріс халықтың болашағы үшін маңызды шешім екенін атап өтті.
«Уақыттың тығыздылығына қарамастан, дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу сәтті өтті. Бұл сайлаушылардың заң талаптарынан асып түсуі, референдумды ұйымдастыру тәртібін бұзу туралы жаппай хабарламалардың және әкімшілік ресурстарды пайдалану туралы шағымдардың болмауымен расталады.  Конституция – мемлекетіміздің негізгі қағидалары мен бағдарларын айқындайтын іргелі заңнамалық акт. Сондықтан кез келген өзгерістер мен толықтыруларды елдің, халықтың болашағына әсер ететін маңызды шешім деуге болады. Қорыта айтқанда, халықтық дауыс беру жаңа тарихи дәуірді белгіледі! Алға Жаңа Қазақстан!», – деді халық қалаулысы.