Ақтөбелік полицей өртеніп жатқан көлікті қауіпсіз жерге айдап апарған (ВИДЕО)

Ақтөбелік полицей өртеніп жатқан көлікті қауіпсіз жерге айдап апарған (ВИДЕО)

Ақтөбелік полицей өртеніп жатқан көлікті қауіпсіз жерге айдап апарған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ақтөбелік полицей қызметкері автотұрақта жанып жатқан көлікке мініп, жалын басқа көліктерге өтіп кетпеуі үшін оны қауіпсіз жерге шығарған. Қызметкердің жетонына түсіп қалған видео жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Ақтөбе облысы Полиция департаментінің мәліметіше, патрульдер 10 маусымда орталық стадион маңындағы көлік тұрағында өрт шыққанын байқаған. «Ford жол талғамайтын көлігі өртенгенде, қатарында Renault маркалы темір тұлпар болған. Патруль Сабыржан Қуандық планшет арқылы иесін тауып, жанып жатқан көлікке отырып, алдыңғы дөңгелегі мен қапталы өртенген көлікті қауіпсіз жерге апарды», – деді облыстық ПД өкілдері. Кейін оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндірген.