Павлодарда аялдамадан ер адамның мәйіті табылды
Павлодарда аялдамадан ер адамның мәйіті табылды
Павлодар қаласында аялдамалардың бірінен ер азаматтың денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ер адам № 18 мектеп маңындағы аялдамадан табылған. Марқұм 1955 жылы туған.
Дерекке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ер адамның денесінде зорлық белгілері жоқ.