Жаңалықтар

Қимылы ширақ қария турникке тартылып, көпшілікті таңғалдырды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Қимылы ширақ қария турникке тартылып, көпшілікті таңғалдырды (ВИДЕО)

Ширақ қимылды қарияның турникке тартылған видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралып, ол көпшіліктің таңданысын тудырды деп хабарлады turkystan.kz.  Бейнежазбада ақсақалдың белтемірге еркін тартылғанын көруге болады. «Турникке тартылмағалы көп болды. Шаршап жүрмін. Бірақ барымды салып тартылып көремін. Онға жеткізсем сол да олжа», – деді ол бейнежазбада. Ешкімнің демеуінсіз турникке тартылған атаның қимылына көпшілік риза болысып, таңданыстарын білдірді.