Балабақша меңгерушілері бюджет қаржысын жымқырған

Балабақша меңгерушілері бюджет қаржысын жымқырған

Балабақша меңгерушілері бюджет қаржысын жымқырған
ашық дереккөзі
Шымкентте бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен балабақша меңгерушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды деп хабарлады turkystan.kz Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Балабақша басшылары 2019-2021 жылдар аралығында балалардың қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізген. Олар мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландырудың «Балапан» бағдарламасы бойынша қарастырылған жалпы сомасы 45,7 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған деген күдікке ілінді», делінген хабарламада.
Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.