Жаңалықтар

ҚР Мемлекеттік кіріс комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды

ашық дереккөзі

ҚР Мемлекеттік кіріс комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды

Ардақ Теңгебаев ҚР Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай өзінің Facebook парақшасында хабарлады. ҚР Үкіметінің жарлығымен Теңгебаев бұрынғы жұмысынан босатылды. 14 желтоқсанда ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов МКК құрамымен кездесу кезінде ведомствоның жаңа төрағасын таныстырды. Қаржы министрі Ардақ Теңгебаевтың білімі мен тәжірибесі, сондай-ақ ұжымның ауызбіршілігі мен ретті қызметі алға қойған мақсаттарды дер кезінде және сапалы орындауға мүмкіндік беретініне сенімділік білдірді. Ардақ Теңгебаев ел басшылығы мен министрліктің артқан үмітін ақтауға бар күшін салатынын айтты.