АЭС Балқаш көлінің жанынан салынбақ
АЭС Балқаш көлінің жанынан салынбақ
Энергетика министрі Болат Ақшолақов шетел инвесторларының кеңесінен кейін АЭС қай жерде салынуы мүмкін екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
« Алматы облысы Балқаш көлінің маңайындағы Үлкен ауылы. Орналасатын мекен-жайы осылай аталады. Бірақ әзірге зерттеулер аяғына дейін жүргізілген жоқ. Енді геология, экология бойынша өзгешеліктерді және өзге де жұмыстарды аяғына дейін жеткізу қажет», - деді ол журналистерге берген сұхбатында.
Осыған дейін Президент АЭС салынатын орын белгіленгенін, бірақ нақты қай жақта салынатынын хабарламаған еді.