Жаңалықтар

Үкімет басшысы J.P. Morgan және TotalEnergies басшыларымен кездесті

ашық дереккөзі

Үкімет басшысы J.P. Morgan және TotalEnergies басшыларымен кездесті

Премьер-министр Әлихан Смайылов Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші пленарлық отырысы аясында J.P. Morgan инвестициялық банкі мен TotalEnergies SE француз мұнай-газ компаниясы өкілдерімен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. «Сіздердің Қазақстанға деген қызығушылықтарыңызды қолдаймыз және мұнай-газ саласындағы инвестициялық жоспарларды іске асыруға көмек көрсетуге дайынбыз», — деді Әлихан Смайылов. J.P. Morgan компаниясының Ресей және ТМД елдеріндегі президенті Ян Тавровскиймен жаһандық макроэкономикалық ахуал, халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл, Қазақстанның әлемдік капитал нарығына шығу жөніндегі жоспарлары талқыланды. Үкімет басшысы J.P. Morgan компаниясының Қазақстанда 20 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқанын және осы уақыт ішінде клиенттердің ең күрделі мәселелерін шешуге қабілетті сенімді және тұрақты серіктес ретінде танылғанын атап өтті. «Біз үшін декарбонизациялау аясында ағымдағы жоспарларды іске асыру өте маңызды. J.P. Morgan құзіреттілігін ESG стандарттарын әзірлеу және оларды жобаларымызда дұрыс қолдану үшін пайдаланғымыз келеді», — деді Әлихан Смайылов.