Өзбекстанда этнограф Мекембай Омарұлының кітабының тұсаукесері өтті

Өзбекстанда этнограф Мекембай Омарұлының кітабының тұсаукесері өтті

Өзбекстанда этнограф Мекембай Омарұлының кітабының тұсаукесері өтті
ашық дереккөзі
Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығына арналған Мекембай Омарұлының «Ташкент қазақтары тарихы және мәдени өмірі» атты кітабының тұсаукесері өтті деп хабарлады turkystan.kz. Мекембай Омарұлы ағартушы, ақын, этнограф Өзбекстандағы Қыбырай ауданының Түзел ауылында дүниеге келген. Қазақ әдебиеті газетінің лауреаты, Өзбекстан және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі және Тұран ғылым академиясының академигі. Өмірінің соңына дейін Өзбекстан Жазушылар одағы жанындағы Қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Аталмыш кітаптың тұсаукесеріне «Отандастар қоры» ҚеАҚ ның президенті Абзал Сапарбекұлы, Ұлтаралық байланыс және шет елдермен достық комитеті төрағасының кеңесшісі Зафарбек Ахметов, Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы төрағасы Серікбай Үсенов және тағы басқа елге белгілі тұлғалар қатысты. Мекембай Омарұлы А. Сапарбекұлы кітаптың тұсаукесерімен құттықтап, бұл кітаптың шеттегі қазақтар үшін маңызы жоғары екеніне тоқталды. Себебі шеттегі ағайындар жақын туыстан қыз алыспай, әр қазақ өз шежіре, тарихын білуіне, өз сүйігін тануына мүмкіндік беретін кітап екенін айтты.  width=