Жыл басынан бері iKOMEK орталығы 1 млн өтінішті қарады

Жыл басынан бері iKOMEK орталығы 1 млн өтінішті қарады

Жыл басынан бері iKOMEK орталығы 1 млн өтінішті қарады
ашық дереккөзі
Осы жылдың басынан бері елордалық iKOMEK109 байланыс орталығына 1 миллионнан астам өтініш келіп түсті. Олардың 850 мыңға жуығы-кеңес беру сипатындағы мәселелер, оларды байланыс орталығының әмбебап операторлары бірінші қоңыраудан шешіп берді деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Орталық іске қосылғаннан бері барлығы 8,4 миллионнан астам өтініш қаралды.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарын көбінесе денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, қаланы электрмен жабдықтау мәселелері қызықтырады. Сондай-ақ өзекті өтініштерге 5 маусымда өткен жалпы республикалық референдум мәселелері жатады, 17 мамырдан бастап 19 мыңнан астам өтініш келіп түсті», - делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтары 109 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы немесе цифрлық сервистер — телеграмм-бот, мобильді қосымшалар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты арқылы өтініш бере алады.
«Біз қалалықтарға көмектесуге тырысамыз, әр өтінішті соңына дейін жеткіземіз, бірде-бір мәселені назардан тыс қалдырмаймыз. IKOMEK109 орталығының қызметкерлері біздің әсем қаламыздың өркендеуі үшін, әрине, елорданың әрбір тұрғынының белсенді қатысуымен еңбек етуге қуанышты», - деді  iKOMEK109 Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы басшысының м.а. Асқар Таксимов.