Астанада төрт мұз қалашығы салынады

Астанада төрт мұз қалашығы салынады

Астанада төрт мұз қалашығы салынады
ашық дереккөзі
Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары биыл қыста төрт мұз қалашығын қызықтай алады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасына сілтемей жасаған  «ҚазАқпарат» ХАА. Қаладағы мұз қалашықтарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мұз қалашық еліміздің бас шыршасы жағылатын күні – 18 желтоқсанда ашылады. Қалалық мәдениет басқармасының хабарлауынша, биыл мұз қалашықтар «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының жанында, қалалық әкімдік жанындағы алаңда, Есіл өзенінің жағалауында, «Студенттер» паркінің жанында орналаспақ. «Былтырғы тәжірибеге сүйенек, қала халқы мұз қалашықтарға өте көп барған. Сондықтан, биыл да мереке күндері мен демалыс кезінде халыққа арнап әр түрлі көңіл көтеру бағдарламаларын, флешмобтар мен жарыстар ұйымдастырмақпыз. Бұл шаралардың мақсаты — елорда халқының демалысын көңілді ету әрі салауатты өмір салтын қалыптастыру», — дейді мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.