Жаңалықтар

Елордада 120 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй апатты жағдайда

Елордада 120 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй апатты жағдайда

Үйдің жертөлесіндегі құбырлар әбден тозығы жетіп, шіріген деп хабарлады turkystan.kz almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік көшесі, 62-үйдің тұрғындары шешілмеген мәселе шаш етектен дейді. Олардың айтуынша, ПИК-ке ай сайын төлем жасаса да, тұралап қалған түйткілдің түйіні тарқар емес. 2017 жылы үйді апатты деп тану үшін арнайы комиссия шақыртылыпты. Ол 63 пайызға қауіпті деген шешім шығарған.

Оған қоса қабырғаларының арасы ашылып кеткен. Үй кіреберісіндегі электр желілері ашық күйде жатыр. Кез келген уақытта сымдар тұйықталып, өрт шығуы мүмкін деп қорқады тұрғындар. Ал ПИК төрағасы қаражат жетпейтінін, ай сайын тұрғындардан 200 мың теңге ғана жиналатынын айтады.  Оның өзі жұмысшылардың айлығынан аспайды деп отыр.

Әкімдіктегілер мәселеге қатысты тексеріс жүргізілгенін хабарлады. Тиісті басқарма өкілдері тұрғындарға пәтер иелері кооперативінің төрағасын ауыстырып, мүлік иелері бірлестігін құруға кеңес берді.