Ұлттық құндылықтар ұлықталды

Ұлттық құндылықтар ұлықталды

Ұлттық құндылықтар ұлықталды
ашық дереккөзі

Павлодардың қалалық мәдениет және демалыс саябағында этно-жайлау ашылды. Келген қонақтар халқымыздың салт-дәстүрлерімен танысты деп хабарлады turkystan.kz.

Іс-шараны «Ана тілі» тіл орталығы «AMANAT» партиясының бастауыш партия ұйымымен бірлесіп, «Ұлттық мұра» және «Бақытты отбасы» жобаларының аясында ұйымдастырды.

Бастауыш партия ұйымына партиялық жарналардан аударылған 20 пайыздық қайтарымды қаражаттың арқасында «AMANAT» белсенділері этно-жайлауды ұйымдастыруға үлкен үлес қосып, балаларға сыйлықтар таратты. Партия халыққа осындай маңызды және қызықты жобалар барлық жерде қолдауға ие болатынына сендірді.

«Аманат партиясының сайлауалды бағдарламасы бар 2025 жылға арналған. Осы сайлауалды бағдарламада ең бастысы ұлттық құндылықтарымызды өркендету, оны сақтау деп санаймыз», - деді партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова.

«Ана тілі» орталығы осыған дейін мемлекеттік тілді үйрету бойынша түрлі іс-шаралар жүргізген. Олар ұлттық ойындарды ойнап, қазақ тілінде әңгімелесу арқылы жастарға ауыз екі тілді үйреткен. Бүгінгі күні 1000-нан аса азамат мемлекеттік тілді меңгерді.