Жаңалықтар

Елімізде вейпке толық тыйым салынады

ашық дереккөзі

Елімізде вейпке толық тыйым салынады

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда вейптерге тыйым салу жоспарын түсіндірді деп хабарлады turkystan.kz. «Вейпке толық тыйым салынады. Бұл - біздің балалар сатып алып жатқан екі-үш мың теңгелік никотиндер.  Қазір тым қолжетімді болып тұр. Оларды арнайы құрылғыда қызған күйде тартылатын өнімдермен шатастырудың қажеті жоқ. Олардың бағасы қымбат және олар стиктермен қолданылады», - деді Қуантыров. Сонымен қатар, ол темекі қыздыру құрылғыларына арналған стиктердің қымбаттап бара жатқанын атап өтті. «Әрине, стиктердің де бағасы көтеріледі. Өздеріңізге белгілі, халық денсаулығы үшін осындай қуатты лобби жүріп жатыр. Мүмкін, бұл дұрыс та шығар. Стиктердің темекіден айырмасы жоқ. Сондықтан халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылданды», - деді Қуантыров.