Жаңалықтар

Әділет министрлігі: «Намыс» партиясын тіркеу мәселесі қаралып жатыр

ашық дереккөзі

Әділет министрлігі: «Намыс» партиясын тіркеу мәселесі қаралып жатыр

Бұл туралы вице-министр Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Менің білуімше, қазір «Намыс» партиясын тіркеу мәселесі қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда тіркелген 6 партия бар. Тағы бірнеше партияны тіркеу жұмыстары 2019 жылы басталғанын білесіздер. Бірақ құжаттарындағы кейбір сәйкессіздіктерге байланысты оларды тіркеу жұмыстары тоқтатылған болатын», - деді министрдің орынбасары. Сондай-ақ, ол Елбасы туралы конституциялық заң күшін жойса, Президент туралы конституциялық заң экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиісті кепілдіктер беретінін айтты. «Бүкіл экс-президенттерді қамтитын норма тиісті конституциялық заңда бар. Елбасы туралы заң жобасы жойылса да, бізде Президент туралы конституциялық заң жобасында тиісті кепілдіктерді қамтитын нормалар бар», - деді Алма Мұқанова.