Жаңалықтар

Toyota көліктерін сатып алатындар азайып келеді

ашық дереккөзі

Toyota көліктерін сатып алатындар азайып келеді

Сәуірде Toyota Motor көліктерінің әлемдік сатылымы бір жылмен салыстырғанда 11,1 пайызға төмендеп, 763 708-ге жетті деп хабарлады turkystan.kz. Жапониядағы сатылымдар 16,8 пайызға азайған. Елде дәл осы маркадағы 103 143 көлік, ал өзге мемлекеттерде 660 565 көлік сатылған. Шетелдегі сатылымдар 10,2 пайызға аз. Қазір Toyota-ның көлік өндірісі ел ішінде 9 пайызға және Жапониядан тыс жерлерде 9,1 пайызға төмендеді. «COVID-19 індетіне және қосалқы бөлшектерді жеткізуге қатысты жағдайлар түсініксіз болғандықтан, біз осы факторлардың әсерін барынша азайту үшін бар күшімізді салып жатырмыз» делінген жапондық компанияның мәлімдемесінде.