Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS WUR рейтингінде 150-орынға көтерілді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS WUR рейтингінде 150-орынға көтерілді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS WUR рейтингінде 150-орынға көтерілді
ашық дереккөзі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS WUR халықаралық рейтингінде тағы жоғарылады деп хабарлады turkystan.kz. Бір жылда университет Топ-200 ішінде 25 позицияға жоғарылап, 175-орыннан 150-орынға көтерілді. Әлемнің үздік университеттерімен бір қатарға орналасқан ҚазҰУ Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ғана емес, Орталық Азия мен ТМД елдерінде өзінің көшбасшылық позициясын дәлелдеді. ҚазҰУ-дің үлкен жетістіктерге қол жеткізуі әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне трансформациялану жұмыстарының нәтижесі саналады. ҚазҰУ-дің жаңа табысы – іскерлік басшылықтың, оқытушылар, ғалымдар мен білім алушылардың қарқынды жұмысының жемісі. Бұл университеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің және халықаралық білім, ғылым кеңістігіндегі танымалдығының айқын көрсеткіші. Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS WUR) халықаралық рейтингінің ресми нәтижелері 2022 жылдың 8 маусымында жарияланды. QS WUR Бұл рейтингіге дүние жүзінің 2 462 жоғары оқу орны қатысты, оның ішінде тек 1 422 ЖОО ғана тиісті дәрежелерге ие болды. QS WUR әлемнің үздік университеттерінің рейтингі 2004 жылдан бастап жарияланып келеді. Рейтингіде әлемнің үздік университеттерін бағалау 6 критерий негізінде жүргізіледі: Академиялық бедел – 40 пайыз; Жұмыс берушілер арасындағы бедел – 10 пайыз; Оқытушылар құрамының студенттер санына арақатынасы – 20 пайыз; Дәйексөздер индексі – 20 пайыз; Шетелдік оқытушылардың үлесі – 5 пайыз; Шетелдік студенттердің үлесі – 5 пайыз.