Жұлдыз Намаз: биліктің халық үніне құлақ асуы – қоғам сенімін күшейтеді

Жұлдыз Намаз: биліктің халық үніне құлақ асуы – қоғам сенімін күшейтеді

Жұлдыз Намаз: биліктің халық үніне құлақ асуы – қоғам сенімін күшейтеді
ашық дереккөзі
«Menin Armanym» корпоравтивтік қорының Шымкент қаласы бойынша өкілі Жұлдыз Намаз Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша өткен референдумға қатысты пікірін білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер Жаңа Қазақстанның бағыт-бағдарын айқындап береді. Бұл мақсатқа жету үшін биліктің халық үніне құлақ асып, ел пікірін ескеруі - қоғам сенімін күшейтеді деп ойлаймын. Жалпы, халық бұндай әрекетті көптен бері күтті. Елімізде 11 млн-нан астам дауыс берушілердің басым көпшілігі бұл шешімді оң жағынан қолдады деп сенемін. Себебі, демократия осы әрекеттен көрініс табады», - деді Жұлдыз Намаз.
Оның айтуынша, конституциялық реформа мәселесі бойынша республикалық референдум өткізудің бірқатар оң тұстарын байқай аламыз.
«Біріншіден, ішкі және халықаралық аудиторияның Жаңа Қазақстанда мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері бойынша шешімдер қоғамның кең қатысуы мен қолдауы негізінде ғана қабылданатындығын көрсету болып табылады. Екіншіден, халықты референдумда дауыс беру процесіне тарту – оның азаматтық белсенділігі мен саясатқа қатысуын арттыруға ықпал етеді», - деді «Menin Armanym» корпоравтивтік қорының Шымкент қаласы бойынша өкілі.
Іңкәр Серікқызы