Түркістан облысындағы ақылы жолда бетон плиталар көтеріліп кеткен (ВИДЕО)

9 маусым, 2022 / Інжу Әлихан
ашық дереккөзі
Түркістан облысындағы ақылы жолда бетон плиталар көтеріліп кеткен (ВИДЕО) Қызылорда-Шымкент ақылы тас жолында бетон плиталар ыстыққа шыдамай көтеріліп кеткен. Оқиға 8 маусымда болған деп хабарлады turkystan.kz. Көлік жүргізушілері Төрткөл ауылының маңында жолдың асфальт-бетон жабындысының көтеріліп кеткенін байқаған. Бұдан кейін жеңіл және жүк көліктері жолдың шетімен жүруге мәжбүр болған. «Қазавтожолда» оқиғаның Самара-Шымкент республикалық жолының бір бөлігінде болғанын мәлімдеді. 8 маусымда аймақта ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілген.
«17:00 шамасында ыстық ауа температурасы салдарынан цементбетон плиталар көтерілді. Қазір плиталар қалпына келтірілген. «ШымкентДорСтрой» мердігер компаниясы уақытша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Тас-құм қоспасы себіліп, асфальт-бетон жабындысы төселді. Жұмысқа 10 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылды», – деді компания өкілдері.
Сонымен қатар сәйкес жол белгілері орнатылған. Аймақта патруль полициялары жұмыс істейді.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @kris.p.taraz +21TARAZ🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.taraz)