Жаңалықтар

Ұлттық құраманың ұлттар лигасындағы ұтымды ойыны

ашық дереккөзі

Ұлттық құраманың ұлттар лигасындағы ұтымды ойыны

Жаңа Қазақстанды футболдан ұлттық құрамамыз бастап кет­кен­дей. Иә, дәл осылай айтуға толық негіз бар. Ұлттар лига­сы ая­сын­да өтіп жатқан тартысты лига ойындарында ұлттық құра­ма­ның өнер көрсетуі қуантады әрине. Еске салсақ, Қазақстан құрамасы D лигасының ойындарында Молдова құра­­масына қарсы ойнап, соңғы пе­наль­ти сериясында жанкүйерлердің жа­­нарына жас үйірді. Құрама жеңісті жұ­­лып әкетіп, С лигасына жолдама ал­­ған болатын. 2021 жылғы әлем чемпионатына ірік­теу кезеңінде Қазақстан құра­ма­сы­ның сәтсіз ойын көрсетіп, қарсылас құра­маларға ірі есеппен есе жіберуі, фе­дерация тарапына деген үлкен сын болып, жанкүйерлердің ұнжырғасын түсір­ген еді. Бұл жайтқа билік тара­пы­нан да арыз-шағымдар айтылып, біраз әбігерге салды. «Сын түзелмей мін түзелмейді» де­мекші, ұлттар лигасындағы ұлттық құра­маның ойын өрнегі көңіл көн­ші­тер­ліктей. Тіптен топтың бас фавориті са­налған, құрамында Еуропаның құр­лықтық ойындарында өнер көрсететін бел­ді ойыншылары бар Словакия құра­масын бір гол есеп айырмасымен тізе бүктіріп, айды аспанға бір-ақ шы­ғар­ды. Жалпы, бұдан бұрынғы Әзер­байжан құрамасына қарсы ойында да жеңіс­ке жетіп, ұлттар лигасы бойынша өз тобымызда көш бастадық. Әзірге ар­қаны кеңге салуға болмайды. Алда әлі тартысты ойындар көп. Дегенмен ұлттық құрамаға сәттілік жол­дас болып, «темірді қызған кезде соқ» де­ген­ді әбден құлақтарына сіңір­гендей беріл­ген мүмкіндікті сәтті қол­дануда. Ойын барысында тактикалық, физи­ка­лық жағынан жеңілсе де нәти­жеден әзірге мүлт кетер емес. Ал жал­пы ойын өр­негі мен доп ұстау шеберлігі бойын­ша қарсыласқа есе жіберіп, ер­кін көсілуіне жол беріп қоямыз. Даулы допинг мәселесіне келер бол­сақ, осы уақытқа дейін алаңда өзін жақсы көрсетіп, көптің көңілінен шыққан Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен сынды футболшыларды допинг қолданды деген айыппен футболдан уақытша шеттетті. Еліміздің ішкі футбол жағдайының әлеуеті уақыт өткен сайын артып ке­леді. Қазір елімізде клубтар арасында­ғы тартысты ойындар көбейіп, алаңға жи­налатын жанкүйерлердің қарасы қа­лыңдаған. Сонымен қатар алаңда қара­көз қазақ бауырларымыздың саны артуы қуантарлық жайт. Одан бөлек әуесқой лигалардың өзі кәсіби футболда жолы болмаған не «доп қуған тозар» деген менталитетпен алаңнан бас тартқан жандарға футбол ой­нап жеңіске ұмтылуына жағдай жа­сап қуантуда. Үлкен футбол додасында SD Family, Sparta сынды клубтар қа­тары­на жас жеткіншектерді қосып, ака­демияларын жаңғырту үстінде. Фут­бол ойындарына тіпті әнші, актер, жур­налистер қауымы да бет бұрып, шоу матчтарды көрермен назарына ұсы­нып, футболға деген жаңа бір мо­ти­вация сыйлап жүр. Ал әлемдік алпауыттармен бір алаң­да терезесін теңестіріп, тартысты ойын өткізіп жүрген Қазақстан футзал құра­масының әлеуеті бөлек бір та­қырып. Төрткүл әлем көз тіккен футбол ойын­дарының біздегі жағдайы әзірге осын­дай. Ел намысын асқақтатып жүр­ген ұлттық құрамаға бірге жанкүйер болайық. Толағай табысқа толы жеңіс­ті күндеріміз көп болсын!

Нұрдәулет Жандауов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика факультетінің 2-курс студенті