Сырттағы қазақ еліміздегі әрбір өзгеріске елеңдеп отыр

Сырттағы қазақ еліміздегі әрбір өзгеріске елеңдеп отыр

Сырттағы қазақ еліміздегі әрбір өзгеріске елеңдеп отыр
ашық дереккөзі
Биылдан бастап «Отандастар» қоры то­лықтай Сыртқы істер министрлі­гі­не қарайтын болды. Қор басшысы өз­гер­ді. Осы өзгерістер оның жұмысына қа­­лай әсер етеді? Біз қордың жаңа бас­шы­­сы Абзал Сапарбекұлымен әңгіме­лес­кен едік. Түркия Қ.Тоқаевтың жұмыс сапарына ерекше мән берді — Абзал Сапарбекұлы, жақында Мем­ле­­кет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түр­кияға іс­са­пармен барып келді. Сол ел­де елші болған адам ретінде осы сапар­дың маңызы мен ерек­ше­лігін атап өт­сеңіз. — Қазақстан үшін Түркияның орны қашан да бөлек. Біз — дініміз, діліміз бір бауырлас ел­міз. Қазақстан тәуелсіздік алғанда бі­рін­ші болып мойындаған Түркия екенін де ұмыт­пауымыз керек. Ғасырға жуық мем­ле­кет­тік тәжірибесі бар Түркия Қазақстанды қай кез­де де, қай салада да қолдап келді. Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас кезең-кезеңге бөлінеді. Мы­салы, Түркиямен арада бұрын достық, туыс­­тық қарым-қатынас болса, 2009 жыл­дан бастап стратегиялық әріптестік қарым-қа­­тынастарға қол қойылды. Соның арқа­сын­­да Түркия бұрын Қазақстанға инвес­ти­ция салу жөнінде 15-16 орында болса, енді ал­ғашқы ондыққа кірді. Жыл сайын ин­вес­тиция көлемі өсіп отырды. Мысалы, пан­де­мияға қарамастан 2021 жылғы тартылған ин­вестиция көлемі 2020 жылға қарағанда 85 пайызға артып, рекордтық деңгейге жет­ті. Бұның бәрі – мемлекеттің, Сыртқы істер ми­нистрлігінің, Қазақстанның Түркиядағы ел­шілігінің жүргізген жүйелі жұмысының ар­қасы! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында Түркияға жа­саған жұмыс сапары кезінде кеңейтілген ст­ратегиялық әріптестікке қол қойылды. Яғни, екі ел арасындағы өзара сауда-саттық кө­лемі артатын болды. Ол бұған дейін 5 мил­лиард доллар болса, енді ол 10 миллиард дол­ларға жеткізілмек. IT, әскери-қорғаныс, көлік-логистика салаларындағы және Түркі мемлекеттер ұйымы шеңберіндегі ке­лісімшарттардың жасалуы екі ел ара­сын­дағы қарым-қатынастың жаңа деңгейге кө­терілгенін көрсетеді. Демек, жаңа мақсат қойы­лып, жаңа меже белгіленіп отыр. Түркия үшін Қазақстан — жаңа мүм­кін­діктер аймағы. Қасым-Жомарт Ке­мелұлы түрік бизнесмендерімен, ірі кә­сіп­орын басшыларымен кездесуінде Қазақ­стан­ның әлеуеті және саяси-экономикалық реформалар жөнінде мол мағлұмат бер­ді. Нәтижесінде, 1 миллиард доллардан астам қаржы тартылатын жаңа жобаға қол қойыл­ды. Біз үшін де Түркия — орасан зор на­рық. Тек пайдалана білу керек. Мемлекет бас­шысы жақында Ақордада өткен бизнес­мен­дермен кездесуінде түрік экономикасы тура­лы сөз қозғауы сапардың өте жемісті өт­ке­нінен хабар береді. Әдетте екі ел арасындағы барыс-келіс, алыс-берістің нығаюына сол елдер бас­шыларының өзара қарым-қатынасы да қат­ты әсер етеді. Осы ретте бұл — Қазақстан Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түр­кияға сайлаудан кейінгі алғашқы ресми са­пары екеніне назар аударған жөн. Әрине, бұрын да екі ел басшыларының Ыстамбұлда кез­десуі болды, бірақ ресми сапардың жөні бө­лек. Осы сапарға түрік жағы да қатты мән бер­гені байқалады. Оны Мемлекет бас­шы­сын әуежайдан Түркияның вице-президенті күтіп алғанынан аңғаруға болады. Сол елде елші болған адам ретінде айтайын, әдетте Түр­кияда өзге елдің басшыларын күтіп алу ми­нистрлерге тапсырылады. Ал бұл жолы хаттамаға өзгеріс енгізіліп, вице-президент күтіп алды. Бұл — Қазақстан Президентіне жа­салған ерекше құрмет. Жылы рәуіште өт­кен өзара кездесуде Режеп Тайып Ердо­ған­ның Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген ықы­ласы бөлек екені байқалып тұрды. Бұл да — екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дами түсетінінің кепілі. Түркия Прези­ден­ті­нің Қазақстанға жасалатын сапары осы қарым-қатынасты бекемдей түсетіні анық. — Осы сапар барысында ANKA се­рия­сына кіретін әскери дрондарды Қа­зақстанда құрастыру жөніндегі келі­сім­шарт жұртшылықтың назарын ерек­ше аударды. Бұған басқаша реңк беруге тырысып жатқандар да бар. Осы келісімшарт жөнінде не дейсіз? — Қазіргі геосаяси жағдайда бұл оқиғаға осы­лай сипат берілетініне таңғалуға бол­мас. Бірақ екі ел арасындағы әскери-қорға­ныс саласындағы байланыстың іргетасы бұдан бұрын қаланған болатын. Мысалы, осы уақытқа дейін 100-ге жуық курсантымыз Түр­кияда білім алды. Қазір 45 курсантымыз дәріс алып жүр. Ортақ жаттығулар өтіп жа­тыр. Түріктің әскерилері де бізден тә­жіри­беден өтіп жүр. Осы келісімшартты сол байла­ныс­тың заңды жалғасы деп түсінген абзал. Түркия — әскери салада біршама же­тістікке жеткен мемлекет. Бұрын осы саладағы әлемдегі ең үздік 100 компа­ния­ның қатарына бір ғана кәсіпорны кірсе, қа­зір бақандай алты кәсіпорны жүздіктен ойып орын алған. Әскери өнеркәсіпке қа­жетті құрылғылармен өзін 80 пайыз қам­та­масыз ете алатын дәрежеге жетті. Қазақстан өзінің қорғаныс қабілетін арт­тыруға ұмтылып жатыр. Сондық­тан да осы салада ең озық технологиясы бар елдермен байланысты нығайтуға мүдделі. Со­ның бірі — Түркия. Жоғарыдағы келі­сім­шартқа осы тұрғыдан қараған абзал. 6 «Abai Uii» ашылды — Қазір «Отандастар қоры» Сыртқы іс­тер министрлігіне қарайтын болды. Сон­да қор шетелдегі қазақтардың мә­се­лесімен ғана айналыса ма? Ұйым жа­қын уақытта қандай жұмыс жоспар­лап отыр? — Иә, Үкіметтің биыл қаңтар айының соң­ғы күнінде шыққан № 36 Қаулысына сәйкес «Отандастар қоры» КеАҚ акциялары­ның мемлекеттік пакетін иелену және пай­да­лану құқығы Сыртқы істер министрлігіне беріл­ді. Қазіргі уақытта қордың жалғыз ак­ционері — Сыртқы істер министрлігі. Қор­дың негізгі міндеті — шетелдегі этника­лық қазақтардың ұлттық болмысын сақтап қалу, олардың Қазақстанмен байланысын ны­ғайту, бір-бірімен байланысуына ықпал ету, шетелде тұратын қандастарымыз құр­ған бірлестіктерге қолдау көрсету. Бұның сыртында қазір көптеген елде жаңа қа­зақ диаспоралары пайда бола бастады. Олар да атамекеннен қол үзгісі келмейді. Міне, солардың қолтығынан демейтін ұйым — «Отандастар» қоры. Сырттағы қазақтар интернет арқылы Қазақстан туралы жақсы біледі. Бі­рақ мың естігеннен бір көрген артық. Әсі­ре­се балалар, жасөспірімдер үшін бабалары­ның кіндік қаны тамған топырақты басу­дың жөні бөлек. Біз жақында Көкшетауда шетелде тұратын 80 қазақ баласы үшін лагерь ұйым­дастыруды жоспарлап отырмыз. Олар екі апта ішінде Көкшенің сұлу табиғатымен та­нысады, қазақ, ағылшын тілдерін, ком­пью­тер үйренеді. Арнайы бағдарлама ая­сын­да атамекен туралы мол мағлұмат алады де­ген үмітіміз бар. Сонымен бірге «Киелі Қазақстан» жо­басы аясында шетелде тұратын 40 шақ­ты белсенді жасты жаңадан ашылып жат­қан Абай облысына әкеліп, хакімнің кін­дік қаны тамған өңірдің кешегі тарихы, бүгін­гі ахуалымен таныстыруды көздеп отыр­мыз. Бұған дейін осы жоба аясында Ал­маты облысы, Түркістан, Ақтау қала­ларын­да турлар өткізілген болатын. Бұдан бөлек «Қасиетті Қазақстан» атты жобамыз бар. Осы арада айта кетейік, шетелде қай­ма­ғы бұзылмаған қазақы орта шоғырланған жер­лер бар. Онда біздің ұлттық мәде­ние­тіміздің үлкен бір бөлігі жатыр. Мысалы, ән, жыр, қолөнер түрлері. Біз аталған жоба аясында шетелде тұратын қандастары­мыз­дың арасында ұлттық ән айтудан, айтыс, қо­лөнершілер мен терме орындаушылары арасында байқау ұйымдастырамыз. Тараз қа­ласында өтеді деп жоспарланған бұл бай­қауға қатысуға қазірдің өзінде көптеген адам ниет білдіріп отыр. Биыл — Түркияға қазақтардың көшіп келуіне мүмкіндік жасаған Түркия Үкі­меті қаулысының қабылданғанына 70 жыл толады. 1948 жылы қыркүйекте алғаш рет қазақтар түрік топырағын басыпты. Қы­­тайдан шыққан 25 мың қазақтың Тибет ар­қылы Гималай асып, Пәкістанға жеткенде 1300-і ғана қалған. Түркия Премьер-Ми­нистрі арнайы келіп, олар Үкіметтің қаулы­сы­мен Түркияға көшіріп алғанда 1500 қазақ бар екен. Сол 1500 қазақ қазір Еуропадағы­ла­рын қоса есептегенде 35 мыңға жетіп отыр. Өздері «Қаралы көш» деп атайтын бұл қасіретті бастан кешкендер қазір бірен-са­ран ғана. «Отандастар қоры» Түркиядағы әріп­тесі «Түркиядан тыс түріктермен жұ­мыс істеу» агенттігімен бірлесе отырып, осы шерлі тарих туралы деректі фильм түсіруді қолға алды. Арнайы ғылыми конференция да ұйымдастырылады. Бұл, бір жағынан, біз­дің бауырлас түрік халқына деген риза­шылығымыз болмақ. Шетел қазақтары үшін тағы бір мә­селе — тіл. Қазір жастардың көбі өзі тұрып жатқан мемлекеттердің тілін әб­ден меңгерген, бірақ қазақ тілін білмейді. Бірақ тіл үйренуге деген ықылас бар. Біз қа­зір қазақтар тұратын барлық мемлекет үшін аптасына екі рет онлайн сабақ жүр­гізе­міз. Жоғарыда айттық қой, олар өздері тұра­тын мемлекеттің тілін жақсы меңгер­ген. Сондықтан да сабақты сол тілдерде жүр­гізуге тура келеді. Қазір біз сабақ жүр­гізетін төрт тіл бар, олар — ағылшын, орыс, парсы, түрік тілдері. Сонымен қатар АҚШ, Ресей, Моңғолия, Франция, Германия, Иран, Венг­рия мемлекеттерінде қазақ тілін оф­лайн үйрететін кластар аштық. Бір жақсысы, тіл үйренуге деген зор ықылас бар. — «Отандастар қорының» ұйым­дас­тыруымен шетелде мәдени орталық­тар­дың ашылып жатқанын білеміз. Ол ор­талықтар нақты қандай бағыттар бойын­ша жұмыс істейді? Осы уақытқа дейін қанша елде орталық ашылды? Ор­та­лық қандай қаржы көзі арқылы қар­жыландырылады? Ол орталық­тар­да жұмыс істейтін мамандарды Қ­а­зақ­станнан жібересіздер ме, сол елдерден таң­дап аласыздар ма? — Әрине, сырттағы қазақ ұлттық бол­мы­сын жоғалтпауы үшін бір-бірімен жиі ара­ласуы керек. Ол үшін олардың басын қо­са­­тын орталықтар қажет. «Отандастар қоры» шетелде «Abai Uii» қазақ мәдени-іс­керлік үйлерін құруды қолға алып отыр. 2020-2021 жылдарда Омбы, Ташкент, Ыстам­бұл, Берлин, Киев, Бішкек қалаларын­да 6 «Abai Uii» ашылды. Әрине, оларды біз толық қаржылан­дырып отырсақ, өзіміздің қызмет­кер­лер­ді жіберсек, дұрыс болар еді. Бірақ бізде ондай қаржы қарастырылмаған. Сон­дық­тан біз қолда бар мүмкіндіктерді пайда­ланып, бұрыннан жұмыс істеп тұрған орта­лықтарға шықтық. Мысалы, Омбыда «Омбы қазақтары», Ташкентте «Өзбекстан­дағы қазақ мәдени-іскерлік орталығы», Ыс­тамбұлда «Қазақ-түрік білім беру қоға­мы», Берлинде «Германия-Қазақстан» қоға­мы, Киевте «Достық» қазақ мәдени қоғамы, Бішкекте «Қырғызстан қазақтары қауым­дас­тығы» атты бірлестіктермен тізе қосып жұ­мыс істеп жатырмыз. «Abai Uii» бір елде топ-топқа бөлініп жүрген орталықтардың ба­сын қосып отыр. Әртүрлі шаралар өтеді. Мы­салы, Киевте Украина қазақтарының ал­ғашқы құрылтайы өтті. — «Қазақ көші саябырсып қалды» де­­ген пікір бар. Дәл қазір шетте қанша қа­­зақ бар, нақты саны бар ма? — Нақты саны жоқ. Өйткені көп елде са­нақ жүргізілгенде, ұлттардың саны көр­се­тілмейді. Жалпы есеппен сыртта 5 мил­лион мен 8 миллионның арасында қазақ бар деп есептелінеді. Олардың көбі өзінің байыр­ғы атамекенінде отыр. Бірақ ше­кара­ның сыртында қалғасын жағдайы бола бер­мейтіні анық. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізге 1 миллионнан астам қазақ көшіп кел­ді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көш тоқтамайды...» деді. Биыл шетелдегі қазақтарды солтүстік об­лыс­тарға орналастыру үшін 1499 отбасыға кво­та бөлініп отыр. Қазір азаматтық алу мә­­­селесі біршама жеңілдеді. Әрине, түйт­кілді мәселелер бар. Қазір Еңбек министрлігі жаңа жоба әзірлеп жатыр. Біз «Отандастар қоры» тарапынан өз ұсыныстарымызды бер­дік. — Білім министрлігі тарапынан шет­елдегі қандастарымыздың бала­лары еліміздегі жоғары оқу орын­дарын­да оқуы үшін квота бөлінетіні белгілі. Әрине, үлкен кісілердің үйре­ніс­кен жерінен бірден қозғала қоюы қиын. Ал осында оқып, білім алған жастар Қазақстанда қалатын шығар? — Қазір жыл сайын еліміздің жоғары оқу орындарына 3 мыңдай студент қабыл­да­нады. Дені — Өзбекстан мен Моңғолиядан, Ресейден келеді. Бірақ олардың атамекенде қалу көрсеткіші мәз емес. Он пайыздай ғана. — Неге? — Бұның себебі көп. Әрине, туып-өскен же­рін сағынады, климатқа үйрене алмайды деп сылтау айтуға болар. Бірақ негізгі себеп — олардың жұмысқа орналаса алмауында жа­тыр. Жұмысы болмағасын күйі де бол­майды. Сосын кетуге мәжбүр болады. Сон­дық­тан да біз құзырлы органдармен бірге олар­ды жұмысқа орналастырып, қалай да осын­да алып қалудың жолдарын қарас­ты­рып жатырмыз. Егер осы мәселе шешілсе, көп шаруа ретке келер еді. Өйткені өсіп-өне­тін жастағы ұл-қыздардың қалғаны де­мографиялық жағдайымызға да оң әсер етер еді. — Жақында астанаға келген Мюн­хен қаласының тұрғыны Өмірхан Ал­тын мынадай пікір айтты. Еуропа қа­зақтарының балалары Қазақстанға кө­шіп келгісі келмейді екен. Бірақ сол жақ­та тұрып та Қазақстанға көмек­тесу­ге әзір. Олармен қалай байланыс ор­на­та аламыз? — Қазір Еуропада кезінде Түркиядан бар­ған қазақтардың үшінші-төртінші буы­ны өмір сүріп жатыр. Францияда 2, Герма­ния­да 3 мың қазақ бар делінеді. Басқа ел­дер­де тұрып жатқандар да бар. Барлығын қос­қанда 10 мыңның шамасында. Әуелде Еу­ропаға барғандар қара жұмысқа жегілсе, қазіргі буын әртүрлі салада еңбек етіп жүр. Арасында жақсы жетістікке жеткендер де бар. Оларды бауырымызға тартқаннан тек қана ұтамыз. Біз қазір Еуропа қазақтары тура­лы толық мағлұмат жинап, база қалып­тастырдық. Болашақта тиісті министрліктер қа­зақстандық жобаларға тартады деп се­неміз. Құрылтай жоғары деңгейде өтті — Абзал Сапарбекұлы, кеше ғана Па­риж­де өткен Еуропа қазақтарының құрылтайынан оралдыңыздар. Қалай өтті? — Иә, 4-5 маусым күндері Парижде елі­міз­дің Франциядағы елшілігі, Франциядағы Қа­зақ-Түрік қоғамы, «Отандастар қоры» КеАҚ-ның атсалысуымен Еуропа қазақ­тары­ның кездесу-құрылтайы өтті. Оған Фран­ция, Англия, Финляндия, Бельгия, Гол­ландия, Дания, Түркия, Польша, Аустрия, Гер­мания, Испания елдерінен делегаттар кел­ді. Қазақстаннан кәсіпкерлер барды. Бар­лығы 1 мыңға жуық адам екі күн бойы арқа-жарқа әңгімелесіп, мәз-мейрам болды. Қазақстанның Франциядағы елшісі Жан Галиев екеуміз әуелі хакім Абай мен ұлтымыздың ұлы тұлғасы, есімі Еуропа жұртшылығына жақсы мәлім мемлекет қай­раткері Мұстафа Шоқайдың ескерт­кіш­теріне гүл қойып, олардың аруағына Құран бағыштадық. Абай ескерткіші Париждің дәл ортасындағы ақындар саябағында, М.Шоқайдың ескерткіші француз астанасы маңындағы кезінде өзі тұрған үйдің жа­ны­на қойылған. Жалпы, Еуропа қазақтары әу баста Түркиядан барған. Әр мемлекетте жұмыс істейтін олар осылай бас қосып тұру­ды дәстүрге айналдырған. Бұл — бір-бірі­нің ахуалын сұрасып, сағынысып көрі­се­тін жиын. Еуропада тұратын қазақтардың біра­зының әлі де Түркия азаматы екенін ұмыт­паған жөн. Құрылтайға Түркияның Франциядағы елшісінің арнайы келуі өз аза­маттарына деген зор құрмет екенін айта кет­кім келеді. Құрылтайдың ашылу салтанатында Париж маңындағы Garges-Les-Gonesse қаласының мэрі Беноит Жименез екеу­міз сөз сөйлеп, қатысушыларға деген ықы­ласымызды жеткіздік. Содан кейін дәс­түрлі футбол турнирі басталды. 9 елден 13 ко­манда келді. Олардың ішінде қазақстан­дық кәсіпкерлерден құралған үш команда бар. Айта кету керек, Парижден қатысқан төрт команданың құрамында француз елі­нің бірінші, екінші лигасында ойнайтын кә­сіпқой футболшылар өнер көрсетті. Бола­шақ­та атақты Франция құрамасында ұлты қа­зақ аяқдоп шебері өнер көрсетіп жатса, таң­ғалуға болмайды. Футбол турнирі өте тартысты өтті. Фи­налға «Париж-1» командасы мен «Ал­маты» шықты. Негізгі ойында, қосымша уақыт­та қос команда бір-бірін жеңе алмай, жеңім­паз пеналти арқылы анықталды. Бұл жер­де қақпашысы мықты «Алматы» коман­дасының мерейі үстем болды. Сол күні тоқсаныншы жылдардан бе­рі пайда болған «Әлем» қазақ диас­пора­сының таныстырылымы болды. Жи­нал­ғандар Қазақстаннан барған белгілі қо­лөнер шебері, Қытайдан ертеректе келген қан­дасымыз Қазипа Қалиқызының қолы­нан шыққан дүниелерді тамашалады. Ол Еу­ропадағы қазақ қыз-келіншектеріне ше­берлік класын көрсетті. Жалпы құрылтайда Еуро­пада тұрып жатқан еліміздің азамат­тары да, Қазақстаннан көшіп барған неміс­тер де төбе көрсеткенін айта кеткен ләзім. Құрылтайдың екінші күнінде Мұс­та­фа Шоқайдың таңдаулы мақалалары топ­тас­тырылған француз тіліндегі жинағы­ның таныстырылымы өтті. Құрастырған — белгілі ғалым Әбдіуақап Қара. Жалпы, Мұстафа Шоқай — күллі түр­кі әлеміндегі көрнекті тұлға­лар­дың бірі. Таныстырылым үстінде мына­дай бір дерек айтылды: Фашистік Германия Фран­цияны басып алар тұста көптеген зия­лы бас сауғалап, АҚШ-қа ауған көрі­не­ді. Ал Мұстафа Шоқай: «Не көрсем де өзім қаншама жыл тұрған француз халқымен бір­ге көремін» деп қалып қойған. 1940 жы­лы Францияны басып алған неміс бас­қын­шы­лары Мұстафа Шоқайды Берлинге ар­найы шақырып алып, оған «Түркістан легио­нын» құру жөнінде ұсыныс жасаған кө­рі­неді. Тарихшылардың айтуынша, Шо­қай бұл ұсынысқа үзілді-кесілді қарсы бол­ған. Оның жұмбақ өлімінің себебі де сол ұсы­ныстан бас тартуы болуы әбден мүмкін. Ал «Түркістан» легионы Мұстафа Шоқай өлген­­нен кейін бір жылдан кейін құрылған. Де­мек, оған жала жабылып келген. Құрыл­тай үстінде ғалымдар осы мәселені нақты деректермен шегеледі. Жоғарыда айтқанымыздай, қазір Еуропа қазақтарының арасында ірі-ірі компанияларда еңбек етіп жүргендер бар. Олар келесі құрылтайға келетін кәсіп­кер­лердің тізімін алдын ала жіберуді сұра­ды. Сөйтіп, екі ел кәсіпкерлерінің ара­сын­дағы барыс-келіске, инвестиция тартуға се­бепші болмақ. Құрылтай аясында біз Парижде тұра­тын қазақ қауымдастықтары мен бірге түркі елдері диаспоралары басшы­лары­ның кездесуін өткіздік. Бұны біздің ұсы­нысымызбен Түркі мемлекеттері ұйымы хат­шылығының бас хатшысы Бағдат Әмі­реев ұйымдастырды. Оған әзербайжан, тү­рік, өзбек, қырғыз елдері диаспораларының бас­шылары, сол елдердің елшілері келді. Біз­дің диаспора көп емес, 5 мыңның ша­ма­сын­да. Ал түрік диаспорасында 800 мыңдай адам бар. Оған өзге де елдердің диаспора­ла­рын қосыңыз. Үлкен күш емес пе? Кезде­суде диаспоралардың тізе қосып жұмыс істеуі, ЮНЕСКО шеңберінде түркі әлеміне ортақ құндылықтарды дәріптеу мәселелері сөз болды. Мысалы, түркі әлемінің астанасы Түркістанды, бірнеше мыңжылдық тарихы бар Хиуаны, атақты Самарқандты немесе Бурсаны неге бірге насихаттамасқа?! Көп диаспораның бас қосатын ғи­мара­ты, жиын өткізетін залы жоқ. Мі­не, осындай кезде бір-біріне көмектесіп, мә­селені шешуге болады. Сондай-ақ бір диас­пора өткізіп жатқан шараға өзгелері неге келмеске? Содан кейін қазақ диаспоралары бас­шы­ларының жиыны өтті. Қандай фор­матта жұмыс істеуі керек деген мәселе күн тәртібіне қойылды. Келесі жылы құрыл­тай өтетін қала белгіленді, ол — Германия­ның Кельн қаласы. Құрылтай төрайымы бо­лып Кельндегі қазақтардың басшысы Са­дия Сүре белгіленді. Әр жолы құрылтай төра­ғасы ауысып отыратын болады. Сосын құрыл­тайға тек Түркиядан көшіп барған эт­ни­калық қазақтар ғана емес, жаңа диас­пора мен «Отандастар қоры» да қатысатын бол­ды. Тағы бір ерекше әңгіме өзегіне айнал­ған мәселе — тіл. Өкінішке қарай, Еуро­падағы қазақ жастары өздері тұратын мем­лекеттің тілінде ғана сөйлейді. Сондық­тан да қазақ тілін үйрететін барлық мүмкін­дік­ті қарастыру, «Балапан», Kazakh TV ар­на­ларын көрсету керек деген пікірлер ай­тыл­ды. Онлайн курстар ұйымдастыру мә­се­лесі де сөз болды. Құрылтай түйінделер тұста Париждегі «Қорқыт-Абай» қазақ-фольклорлық тобы­ның ұйымдастыруымен әдемі концерт өтті. Топтың жетекшісі — Әйгерім Ерсайын­қызы. — 5 маусымда елімізде Конститу­ция­мызға өзгерістер мен толықтырулар өт­кізу туралы референдум өткені бел­гілі. Сырттағы қазақтар еліміздегі өз­геріс­терге қалай қарап отыр? — Иә, еліміздегі маңызды шарадан біз де шет қалмадық. Франциядағы Қазақстан ел­шілігінде өткен дауыс беру рәсіміне қа­тыс­қандар арасында кәдімгідей кезек бо­лып қалды (күліп). Бізбен бірге барған кә­сіп­керлердің бірде-бірі қалмай оң өзгерістер үшін дауыс берді. Сондай-ақ, барлық кез­десуде осы референдум жайында айтып жүр­дік. Бір байқағаным, сырттағы қазақ елі­міздегі әрбір өзгеріске елеңдеп, үлкен үмітпен қарап отыр. — Әңгімеңізге рахмет!

Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ