Жаңалықтар

Бас прокуратура шетелде сотталған отандастарымызға әрдайым көмектеседі

ашық дереккөзі

Бас прокуратура шетелде сотталған отандастарымызға әрдайым көмектеседі

Қазақстан басқа елде қылмыс істеп, жауапқа тартылған азаматтарынан бас тартпайды. Себебі мемлекет үшін шетелде жүрген азаматтарды қорғау, қамқорлық көрсету – конституция бойынша жүктелген міндет. Сондықтан еліміз «қылмыс жасады» деп айыпталған, сотталған азаматтарынан бас тартпайды. Шетелде сотталған азаматтардың өз отанында жазасын өтеуіне заңға сәйкес мүмкіндік жасайды. Ал қазіргі кезде Қазақстан қай елдерден сотталған адамдарын қайтара алады? Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтаруға мүмкіндік бар ма? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу мақсатында ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Экстрадициялау және халықаралық-құқықтық көмек басқармасының бастығы Дайрабаев Нұрман Нұржанұлымен сұхбаттасудың сәті түсті.   – Нұрман Нұржанұлы, Бас прокуратураның Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Экстрадициялау және халықаралық-құқықтық көмек басқармасы немен айналысады? Оның құзыретіне не жатады?