Алматыда рұқсатсыз 14 мыңға жуық нысан салынған

Алматыда рұқсатсыз 14 мыңға жуық нысан салынған

Алматыда рұқсатсыз 14 мыңға жуық нысан салынған
ашық дереккөзі
Алматыда рұқсат құжатынсыз 14 мыңға жуық нысан салынған. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Сенаттың жалпы отырысында депутат Ольга Булавкина рұқсат құжаттарынсыз салынған құрылыс нысандарына қатысты сауал қойды. Ал Қ.Өскенбаев рұқсатсыз салынған құрылыс нысандарын заңдастыру мен сүріп тастау тәртібі заңнамада реттелгенін және бұл рәсімдер сот арқылы шешілетінін айтты.
«Алматының проблемасына тоқталсақ, соңғы кезде қалаға бірнеше аудан қосылды. Сондағы ауылды елді мекендерде заңдастырылмаған нысандар көп кездеседі. Осы орайда 14 мыңға жуық нысанға қатысты рұқсат құжаты рәсімделмеген. Басқа қалаларда осындай деректер сирек болса, ал мұнда (Алматыда) көптеп кездеседі», - деді министр.
Ведомство басшысы Алматыдағы мәселені шешудегі қадамдар нәтижелі болуы керек екенін айтты. Іңкәр Серікқызы