Жаңалықтар

Оралхан Дәуіт жаңа қызметке тағайындалды

ашық дереккөзі

Оралхан Дәуіт жаңа қызметке тағайындалды

Журналист Оралхан Дәуіт AULIEATA-MEDIA ЖШС-нің директоры болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Оралхан Дәуіт 1976 жылы қазіргі Түркістан облысы Төлеби ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып бастап, «Оңтүстік Қазақстан»  газетінде жалғастырды. Сонымен қатар, Республикалық «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан» газеттерінде,  Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді. «Ақ самаурын» жинағының авторы. «Turkystan.kz» ұжымы атынан әріптесіміз Оралхан Дәуітке жаңа қызметте шығармашылық табыс тілейміз!