Рингте есінен айырылып, көлеңкемен жұдырықтасқан боксшы көз жұмды (ВИДЕО)

Рингте есінен айырылып, көлеңкемен жұдырықтасқан боксшы көз жұмды (ВИДЕО)

Рингте есінен айырылып, көлеңкемен жұдырықтасқан боксшы көз жұмды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Рингте көлеңкемен жұдырықтасқан африкалық боксшы Симисо Бутелези бас сүйек-ми жарақатынан қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz. Оңтүстікафрикалық боксшы Симисо Бутелези 7 маусымда 24 жасында көз жұмды. Өлімге бас сүйек-ми жарақаты себеп болды. Спортшы комаға түсті, дәрігерлер ота жасай алмаған. Бутелези 5 маусымда Дүниежүзілік бокс федерациясының (WBF) Африка чемпионы белбеуі үшін өткен жекпе-жектен кейін ауруханаға жатқызылған. Оныншы раундта ол отандасы Сифесихле Мнтунгваны нокдаунға жіберді. Ол орнынан тұрып, жекпе-жекті жалғастыруға дайын екенін білдірді. Алайда Бутелези қарсыласына қарама-қарсы бағытқа бұрылып, ауаға соққы жасап, көлеңкемен жұдырықтаса бастады. Төреші дереу жекпе-жекті тоқтатты.