Жаңалықтар

Қазақстан - бәсекеге қабілетті елдер рейтингінде 35-орында

ашық дереккөзі

Қазақстан - бәсекеге қабілетті елдер рейтингінде 35-орында

Бұл туралы Қазақстанның Нидерландыдағы Елшісі Асқар Жұмағалиев айтты деп хабарлады turkystan.kz. Дипломат Қазақстан бизнес үшін күшті және бәсекеге қабілетті орта құруға ерекше назар аударатынын атап өтті. Өз сөзін растау ретінде ол жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісін мысалға келтірді, онда Қазақстан 35-орынға ие болды. «Дүниежүзілік банктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстан бизнес жүргізу бойынша 190 елдің ішінде 25-орында», - деді А.Жұмағалиев А.Жұмағалиев атап өткендей, Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерін, Қытай мен Каспий бассейнін қоса алғанда, миллиардтан астам тұтынушылардың нарыққа тікелей қолжетімділігі бар. Сонымен қатар, елде көлік инфрақұрылымы жақсы дамыған. «Менің ойымша, бұл себептер Қазақстанның инвесторлар үшін неліктен тартымды екеніне жауап бола алады. Сондықтан Нидерланды Қазақстандағы бірінші нөмірлі шетелдік инвестор деп ойлаймын. Патшалық біздің елге 105 миллиард доллардан астам инвестиция салды», - деп түйіндеді ол. Корольдік клуб мүшелері преференциялардан басқа, кадр мәселелері, ағылшын тілін меңгеру деңгейі, Қазақстанның климаттық ерекшеліктері және елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы алаңдады. Асқар Жұмағалиев референдум, оны өткізу нәтижелері және Конституцияға енгізілетін түзетулерге әкеп соқтыратын өзгерістер туралы да хабардар етті