ЕҰУ алғаш рет әлемнің үздік 300 университетінің қатарына кірді

ЕҰУ алғаш рет әлемнің үздік 300 университетінің қатарына кірді

ЕҰУ алғаш рет әлемнің үздік 300 университетінің қатарына кірді
ашық дереккөзі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті QS World University Rankings 2023 әлемдік рейтингте бір жылда 51 сатыға көтеріліп, 277-орынды иеленді. Ұлыбританиялық Quacquarelli Symonds халықаралық агенттігі үздік жоғары оқу орындарының жыл сайынғы халықаралық рейтингісінің нәтижелерін жариялады. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ QS жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингісінде кезекті рет қарқынды ілгерілеуді көрсетті. Университет бір жылда 328-орыннан 277-орынға көтеріліп, алғаш рет әлемнің үздік 300 жоғары оқу орнының қатарына енді. Соңғы 4 жылда ЕҰУ халықаралық рейтингіде 141 сатыға көтерілді. Ұлттық университет 2025 жылға қарай Даму стратегиясына сәйкес QS рейтингінің топ-200 қатарына кіруге ниетті. Университет «Шетелдік профессорлық-оқытушылық құрам», «Жұмыс берушілер арасындағы бедел» және «Академиялық сарапшылар арасындағы бедел» критерийлері бойынша позициясын нығайтты. Бұл ретте университеттің «Білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның ара қатынасы» және «Шетелдік профессорлық-оқытушылық құрам» индикаторлары бойынша көрсеткіштері әлем бойынша жоғары оқу орындарының орташа нәтижесінен айтарлықтай асып түсті. Биыл халықаралық рейтингіге қатысқан жоғары оқу орындарының қатары 47 пайызға артты. Әлемнің 100 мемлекетінен 2 462 университет қарастырылып, оның 1 422-сі қорытынды рейтингіге кірді. Әлемнің үздік ЖОО арасында Қазақстанның 16 университеті бар, олардың екеуі тізімге алғаш рет енді.  width= QS рейтингінің көшбасшыларының ондығына Массачусетс технологиялық институты, Кембридж университеті, Стэнфорд университеті, Оксфорд университеті, Гарвард университеті және т.б. әлемдік университеттер кірді. Университеттерді халықаралық деңгейде бағалау әдістемесі мынадай индикаторлар бойынша жүзеге асырылады: академиялық сарапшылар арасындағы бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, білім алушылардың профессорлық-оқытушылық құрамға ара қатынасы, дәйексөз келтіру, шетелдік білім алушылар, жұмысқа орналасу нәтижелері. Сондай-ақ биыл «Жұмыспен қамту нәтижелері» және «Халықаралық зерттеу ынтымақтастығы» атты екі жаңа индикатор қосылды. Айта кетсек, биыл Еуразия ұлттық университеті QS World University Rankings by Subject 2022 пәндік рейтингісіндегі де позициясын жақсартты. ЕҰУ әлемдік тізімдегі өкілдігін 4-тен 11-ге дейін кеңейтті және қазақстандық ЖОО арасында 3 пән бойынша көш бастап келеді. Бұл ретте «Қонақ үй бизнесі және бос уақытты басқару» пәні әлемдік рейтингтің алғашқы жүздігіне кірді, «Лингвистика» 251-300 тобынан 101-150-ге тізіміне ауысты.