Басына кірпіш құлаған зауыт жұмысшысы қайтыс болды

Басына кірпіш құлаған зауыт жұмысшысы қайтыс болды

Басына кірпіш құлаған зауыт жұмысшысы қайтыс болды
ашық дереккөзі
Таразда зауыт жұмысшысының басына кірпіш құлаған деп хабарлады turkystan.kz. 7 маусым күні сағат 21:40 шамасында «Қазфосфат» жұмысшысы ауыр жарақат алды деген хабар түскен. Полицейлер 34 жастағы жұмысшының басына жұмыс орнында кірпіш құлағанын анықтады. Жедел жәрдем көлігінде ауруханаға алып бара жатқан кезде көз жұмды. Оқиғаға қатысты қауіпсіздік ережесі сақталмағаны үшін Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.