«Референдум ашық әрі әділ өтті» – Исламбек Дастанұлы

«Референдум ашық әрі әділ өтті» – Исламбек Дастанұлы

«Референдум ашық әрі әділ өтті» – Исламбек Дастанұлы
ашық дереккөзі
«Жамбыл облысы Азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Исламбек Дастан 5 маусымда өткен референдумға байланысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Референдум шетелдік бақылаушылардың жоғары бағасына ие болды. Ол жалпыұлттық Референдумның демократия талаптарына сай өткенін көрсетеді.  Мен де бақылау комиссиясының қатарында болдым. Сондықтан әділ өтті деп айта аламын. Тұрғындар да белсенділік танытты», - деді Исламбек Дастан.
Ол Референдумды Жаңа Қазақстан құру жөніндегі саяси реформаларды жүзеге асырудың алғышарты екенін айтты.
«Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолында халық дауыс беріп, мемлекетке үміт артып отыр. Конституцияға енгізілетін өзгерістер халықтың әл-ауқатын арттырады деп сенді. Мен де әрқашан заңның үстем болатынына сенемін», - деді «Жамбыл облысы Азаматтық альянсы» ЗТБ президенті.