Мас күйде көлік айдаған депутат жазаланды

Мас күйде көлік айдаған депутат жазаланды

Мас күйде көлік айдаған депутат жазаланды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде мас күйде көлік айдаған депутат 15 күн қамауға алынып, жүргізуші құқығынан айырылды деп хабарлады turkystan.kz.  20 мамыр күні полицейлер Қарғалы ауданы Қайдауыл батыр көшесінде Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Ербол Қасымғали тізгіндеген Mercedes-Benz көлігін тоқтатқан. Кейін депутат медициналық тексерістен өткен. Онда оның мас болғаны анықталып, іс сотқа жіберілді. Депутат мас күйінде көлік айдағанын мойындамай, тексеріс нәтижесімен келіспейтінін жеткізген. Сот оның әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны, мас күйінде көлік жүргізгені дәлелденді деп шешті. Нәтижесінде ол 15 тәулікке әкімшілік жазаға тартылып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Мәслихат депутаты осы оқиғадан кейін депутаттық мандатын тапсырған. Айта кетсек, Ербол Қасымғали «Ойл Гео Контракт» ЖШС бас директоры болып жұмыс істеген.