Ресейлік әйел 5 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып жүрген

Ресейлік әйел 5 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып жүрген

Ресейлік әйел 5 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып жүрген
ашық дереккөзі
Ресей азаматы бес жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 1 маусымда Өскеменде көші-қон қызметкерлері қос азаматтық алған әйелді анықтаған. 64 жастағы әйел 17 жылдан бері көрші ел азаматы бола тұра, Қазақстанда тұрып, 5 жыл бойы зейнетақы алып жүрген.
«Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қазақстандық құжаттар тәркіленіп, азаматтығынан айырылды және заңсыз алынған ақшаны қайтару мәселесі қарастырылып жатыр», - деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.
Айта кетсек, жыл басынан бері ШҚО аумағынан қос азаматтығы бар 35-тен аса адам анықталған. ШҚО ПД көші-қон қызметі Конституцияға сәйкес елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, заңнаманы сақтауға шақырды.