Дүниежүзілік банк Украинаға 1,49 млрд доллар береді

Дүниежүзілік банк Украинаға 1,49 млрд доллар береді

Дүниежүзілік банк Украинаға 1,49 млрд доллар береді
ашық дереккөзі
7 маусым күні Дүниежүзілік банктің (ДБ) директорлар кеңесі Украина билігіне $1,49 млрд көлемінде қаржылай қолдау көрсету туралы шешім қабылдады деп хабарлады turkystan.kz ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Бұл – Дүниежүзілік банктің Киевке жібермек болған 4 млрд доллар көлеміндегі ақшалай көмек пакетінің бір бөлігі. Бұл қаражатқа Ұлыбритания, Нидерланды, Литва, Латвия және басқа да бірқатар елдер берген несиелік кепілдіктер кіреді. Дүниежүзілік банк бұл ақшаның «мемлекеттік қызметкерлер мен әлеуметтік сала қызметкерлеріне жалақы төлеуге» бағытталатынын есептеп отыр. Дүниежүзілік банк президенті Дэвид Малпас банктің Украинаға қаржылық қолдау көрсету үшін донор елдермен жұмыс істеп жатқанын, украиналықтардың денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуіне көмектесу бағытында шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.