«Президент ұсынған кешенді реформа нәтижелі орындалуы тиіс» – Аманжол Әлтай

«Президент ұсынған кешенді реформа нәтижелі орындалуы тиіс» – Аманжол Әлтай

«Президент ұсынған кешенді реформа нәтижелі орындалуы тиіс» – Аманжол Әлтай
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай 5 маусымда өткен референдумға байланысты пікір білдірі деп хабарлады turkystan.kz.
«Жалпыұлттық референдум демократия талаптарына сай, жоғарғы деңгейде өтті. Халқымыз саяси жүйенің өзгеруі үшін конституциялық реформаның маңыздылығын терең сезініп, өз таңдауларын жасады. Әділетті қоғам орнату ортақ мақсатымыз!» - деді депутат.
Ол халықтың саяси белсенділігі күн сайын артып келе жатқанын айтты.
«Ендігі жерде олардың талап-тілегін, ұсыныстарын орындауға билік институттары бірлесе күш салуы тиіс. Ел тарапынан көрсетілген сенім мен үміт нақты нәтижелер арқылы қанағаттандырылуы керек. Билік пен халық арасында диалог қалыптастыру маңызды. Ата Заңға деген ел құрметі мен сенімі арта түссін. Үкіметтің де, Парламенттің де, құқық саласының да бірлесіп атқарар жұмысы көп. Президент ұсынған кешенді реформа нәтижелі орындалуы тиіс. Бірлігімізді, елдігімізді көрсеткен, тағдыршешті маңызға ие референдумның сәтті өтуімен барша отандастарымды құттықтаймын! Мемлекетіміз мерейлі, бірлігіміз бекем болсын! Жаңа Қазақстанның шаңырағы биік, іргесі берік болсын!» деп жазды Аманжол Әлтай әлеуметтік желіде.