Ерлан Саиров: Референдум – еліміз үшін саяси плюрализмге альтернатива жоқ екенін дәлелдеді

Ерлан Саиров: Референдум – еліміз үшін саяси плюрализмге альтернатива жоқ екенін дәлелдеді

Ерлан Саиров: Референдум – еліміз үшін саяси плюрализмге альтернатива жоқ екенін дәлелдеді
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша өткен референдумға қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум аяқталды. Халықтың басым көпшілігі, 78 пайызы Конституцияға өзгерістерді қолдап дауыс берді. Барлық халықаралық ұйымдар, Еуроодақ елдері референдумның қорытындыларына оң баға беріп жатыр. Біздің саяси тарихымызда бірінші рет ОБСЕ, Еуроодақ Қазақстандағы саяси іс-шараға оң бағасын беріп отыр. Қазақстан халқы бұл референдумды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси курсына сенім вотумы деп қабылдап отыр», - деді Ерлан Саиров.
Оның айтуынша, референдум – еліміз үшін демократия мен саяси плюрализмге альтернатива жоқ екенін дәлелдеді.
«Референдум енді реваншисттік күштер мен ревизионисттердің жымысқы іс-әрекетінің іс-жүзіне аспайтынын анық көрсетті. Бұл іс-шара біздің елімізде демокартия мен плюрализмнің тек қана басы деп білу қажет. Енді Парламент осы өзгерістерге байланысты 20 Конституциялық заңдарға өзгерістер жасайды. Бұл - ауқымды, кешенді мәселе. Референдум, сонымен бірге, еліміздегі олигархтардың қолына заңсыз өткен халық игілігін мемлекетке қайтару, табиғат ресурстарынан халқымыздың еншісін арттыру процесін бастайтыны анық», - деді Мәжіліс депутаты.
Ерлан Саиров шетке заңсыз кеткен отандық капиталды қайтару мәселесі де өте өзекті екендігін айтты.
«Конституцияға өзгерістер осы мәселені шешуді тездететін локомотив. Яғни, өткен референдум халқымызға «өз билігін қайтарып», елімізде халықтық демократия құрудың бастапқы нүктесі деп білу керек. Енді жаңа тұрпаттағы саяси мәдениетті қалыптастыру, әрбір шешімнің халықпен ақылдаса отырып, азаматтардың мұң-мүддесі тұрғысынан қабылдайтын жүйеге келеріміз анық. Ең басты мәселе - аталған өзгерістер демократия мен плюрализмді қалыптастыра отырып, халқымыздың әл-ауқатын жүйелі түрде арттыруға қабілетті қоғамдық-саяси жүйе жасау», - деді ол.