«Референдум ел тарихындағы маңызды кезеңге айналады» – Мәжіліс депутаты

«Референдум ел тарихындағы маңызды кезеңге айналады» – Мәжіліс депутаты

«Референдум ел тарихындағы маңызды кезеңге айналады» – Мәжіліс депутаты
ашық дереккөзі
Парламент Мәжілісінің депутаты Динара Закиева жақында өткен референдумға қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Жексенбіде өткен Референдумға 8 миллионнан астам қазақстандық қатысты. Дауыс бергендердің 77,2 пайызы конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдап, Жаңа Қазақстанға дауыс берді. Референдум біздің еліміздің тарихындағы маңызды кезеңге айналмақ. Ол халықтың бірлігін және оның нақты өзгерістерге дайын екендігін көрсетті. Жалпы, 12 мамыр мен 3 маусым аралығында депутаттар еліміздің барлық өңірлеріндегі 1 204 елді мекенде болып, 120 мыңға жуық адамның қатысуымен 2,5 мыңнан астам кездесу өткізді. Қысқа ғана мерзімнің ішінде жаңа форматта ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Біз өзгерістердің мәнін әрбір қазақстандыққа қарапайым тілмен жеткізуге тырыстық. Референдум қорытындысы қоғамның ел болашағына деген ортақ көзқарасы бар екенін көрсетті. Қазақстандықтар Президенттің конституциялық реформасына жоғары сенім мен қолдау көрсетті. Бірақ Конституцияға енгізілетін өзгерістер, бұл  - реформалардың соңы емес, керісінше басы ғана екенін атап өткім келеді. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институттары жұмыс істеуінің неғұрлым тиімді моделі қалыптастырылып, экономикалық және әлеуметтік реформалар қабылданатын болады», - деді Динара Закиева.
Іңкәр Серікқызы