Қазақстанда енді ақбөкендерді атуға рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстанда енді ақбөкендерді атуға рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстанда енді ақбөкендерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
ашық дереккөзі
Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін бұйрық жобасын дайындады деп хабарлады turkystan.kz. Осыдан 7 жыл бұрын қабылданған нормативтік құжат бұл жолы «киіктердің дириватын жинау» тармақшасымен толықтырылған. Бұдан бөлек, толықтырулар негізінде кәсіпшілік, әуесқойлық, мелиорациялық, ғылыми-зерттеу және эпизоотияны болдырмау мақсатында аң аулауға, ақбөкендердің дириватын жинауға рұқсат беріледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты органдар: Екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында жануарларды алып қоюдың, киіктер дериваттарын жинаудың белгіленген лимиттері мен квоталары шегінде ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар; Екі және одан да көп облыстарда орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство; Киіктердің дириваттарын жинау мақсатында орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомствосы көрсетеді. Бұйрық  НҚА (нормативтік құқықтық актілер) сайтында жарияланды. Құжатты талқылау 21 маусымға дейін жалғасады.