Қайрат Дәлбеков сарыағаштық 9 жасар баланың арманын орындады

Қайрат Дәлбеков сарыағаштық 9 жасар баланың арманын орындады

Қайрат Дәлбеков сарыағаштық 9 жасар баланың арманын орындады
ашық дереккөзі
Шымкент қалалық ПД бастығы Қайрат Дәлбеков 9 жасар сарыағаштық Әсетке полицейлік кепка сыйға тартты деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің ақпаратынша, баланың әлеуметтік желіде полицейдің жұмысын бақылайтыны және парақшасындағы жазбаларды жақсы көретінін айтты. Әсеттің анасы кездесу ұйымдастырып, ұлының арманын орындау үшін Дәлбековтің Facebook-тегі жеке парақшасына жазғанын айтты. Бұл өтінішті Шымкент қаласының бас полицейі жауапсыз қалдырмай, баланы анасымен бірге жеке қабылдауына шақырған. Кездесу барысында Әсет Сарыағаш ауданындағы мектептің үшінші сыныбында оқитынын, полиция қызметкері, қорғаушы болғысы келетінін айтты.
«Мегаполистің бас полицейі болашақ офицерге полицейлік кепка сыйға тартып, оның барлық арман-тілектерінің орындалуына тілек білдірді», - деді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.