Танымал әнші Jah Khalib әке атанды
Қазақстандық танымал рэпер, музыкант, продюсер Jah Khalib (Бахтияр Мамедов) әке атанды. Бұл туралы әнші НТК телеарнасына берген сұхбатында айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Jah Khalib-тың тұңғышы – қыз. Музыканттың жары 2 мамырда Ыстамбұлда босанған.
«Иә, Алланың қалауымен әке атандым. Бұл өмірімдегі жаңа кезең шығар», - деді әнші.
Бахтияр Мамедов қызының атын құпия сақтауды жөн көрген. Алайда әншінің анасы Ләззат Мамедова жақында немерелі болғанын айтып, әншінің құпиясын бөлісіп қойған.
«Бұл – бақыт. Енді үш ханшайымым бар. Екеуі осы жерде. Үшіншісі – София. Екінші мамырда дүниеге келді», - деді Ләззат Мамедова.