Танымал әнші Jah Khalib әке атанды

Танымал әнші Jah Khalib әке атанды

Танымал әнші Jah Khalib әке атанды
ашық дереккөзі
Қазақстандық танымал рэпер, музыкант, продюсер Jah Khalib (Бахтияр Мамедов) әке атанды. Бұл туралы әнші НТК телеарнасына берген сұхбатында айтты деп хабарлады turkystan.kz. Jah Khalib-тың тұңғышы – қыз. Музыканттың жары 2 мамырда Ыстамбұлда босанған.
«Иә, Алланың қалауымен әке атандым. Бұл өмірімдегі жаңа кезең шығар», - деді әнші.
Бахтияр Мамедов қызының атын құпия сақтауды жөн көрген. Алайда әншінің анасы Ләззат Мамедова жақында немерелі болғанын айтып, әншінің құпиясын бөлісіп қойған.
«Бұл – бақыт. Енді үш ханшайымым бар. Екеуі осы жерде. Үшіншісі – София. Екінші мамырда дүниеге келді», - деді Ләззат Мамедова.