Көлігіне жалған нөмір таққандарға жаза күшейтіледі

Көлігіне жалған нөмір таққандарға жаза күшейтіледі

Көлігіне жалған нөмір таққандарға жаза күшейтіледі
ашық дереккөзі
Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне байланысты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды деп хабарлады turkystan.kz.
«Автокөлікті қайталап немесе бірнеше рет мемлекеттік нөмірсіз басқарғаны үшін, сондай-ақ автокөлік құралдарына жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмір орнатқаны үшін жауапкершілікті күшейту жоспарланып отыр. Мысалы, бұрын тек айыппұл салынатын болса, енді жүргізушіні 1 жылға куәлігінен айыру және 5 тәулік қамауға алу қарастырылып отыр», - деді Мәжіліс депутаты Нәзилә Раззақ.