БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, екі адам көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға 7 мамыр күні шамамен сағат 19.15-те болған.
«Жалпақтал - Чапаев автожолының 115-шақырымында Lexus автокөлігі аударылып қалды. Жол апаты салдарынан 1986 жылғы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. Автокөлікте отырған жолаушы, болжам бойынша, жүргізушінің әйелі Жалпақтал ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылды. Түнде Орал қаласында тұрған 1990 жылғы жолаушы әйел көз жұмды. Қазір ҚР ҚК 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», - деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметкері, полиция майоры Дариға Мәжитова.