Алматыда судья сот отырысынан кейін есінен танып, көз жұмды

Алматыда судья сот отырысынан кейін есінен танып, көз жұмды

Алматыда судья сот отырысынан кейін есінен танып, көз жұмды
ашық дереккөзі
Алматы қалалық сотының судьясы Біржан Кәрібжанов сот отырысынан кейін есінен танып, қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
«Бүгін кешке сот отырысынан шыққаннан кейін досым және әріптесім, Алматы қаласының судьясы Біржан Кәрібжанов есінен танып қалды. Өкінішке қарай, дәрігерлер оны құтқара алмады. Иманды болсын. Қазір не сезініп тұрғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ол небәрі 50 жаста болатын», – деп жазды Жұмақанов.